Выйти
RU

"Таза парақтан": Бота Нұрсейітованың күйеуімен тағы да айырылысып кеткені рас па

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желі арқылы көпшілікке танылған Бота Нұрсейітова тағы да ел аузында. Желі қолданушылары бүгінде танымал арудың жеке өмірін тағы да қызу талқылауда. Олардың айтуынша, былтыр жолдасымен ажырасып, қайта қосылған Instagram жұлдызы бұл жолы онымен түбегейлі айырылысып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/bota_nurseitova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/bota_nurseitova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Желі қолданушылары Бота Нұрсейітова күйеуімен ақыр-соңы ат құйрығын үзісті деп болжауда. Олардың бұлай пайымдауына бірқатар фактілер негіз болған.

Біріншіден, желі жұлдызының парақшасында баянсыз махаббат пен тағдыр тәлкегіне қатысты жазбалар көбейіп кеткен. Ол тіпті, екі баласы мен өзінің қолын суретке түсіріп, оның астында "бәрін таза парақтан" деген жазба қалдырған.

Екіншіден, Бота Нұрсейітова елордадан қайтадан Алматыға оралған. Желідегілердің айтуынша, ол Нұр-Сұлтан қаласына былтыр отағасымен татуласқан кезде балаларымен бірге көшіп барған. Алайда, енді Instagram жұлдызы оңтүстік астанадан қызына мектеп іздеудің қамына кірісіп кетті.

Сонымен қатар, Нұрсейітова өз парақшасында елордадан кетіп бара жатқан сәтінен жантебірентерлік видеомен бөлісті. Онда танымал арудың екі баласы туыстарымен қоштасып жатқаны көрініс тапқан.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Желі қолданушылары екі баланың анасына барынша қолдау білдіріп, оны мойымауға шақырды. Олар Ботан Нұрсейітованы барынша жылы сөздерімен жұбатуға тырысқан.

"Тағы да айырылысып кеттіпсіздер ғой. Мүмкін солай болғаны да дұрыс шығар" , "Сіз өзіңізді сыйлайтын жақсы азаматты әлі де кездестіресіз, мойымаңыз" , "Жолдасыңыздың өзгере алмағаны өкінішті, балаларға жаным ашиды" , "Дұрыс шешім қабылдадыңыз. Сіз нағыз махаббатқа, бақытқа лайықсыз" , "Бота сіз мықты әйелсіз, күйеуіңіз өкінетін болады" , "Сіздей жардан айырылып қалғанына жолдасыңыз өкінетіні анық" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Бота Нұрсейітова былтыр екі баласының әкесімен ажырасып кеткенін хабарлаған болатын. Жас ана бұл шешіміне жолдасының толассыз опасыздығы себеп болғанын жайып салды.

Алайда, арада уақыт өтіп, желі жұлдызы қайта елордаға көшіп күйеуімен қосылған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Таза парақтан": Бота Нұрсейітованың күйеуімен тағы да айырылысып кеткені рас па
Mailfire view pixel