Выйти
RU

Талдықорғанда коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Талдықорған қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы адам анықталды. Бұл туралы Алматы облысының бас эпидемиологы мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қалада COVID-19 инфекциясын жұқтырған алғашқы тұрғын полиция қызметкері болып жұмыс істейді.

Ол Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына жатқызылған. Жағдайы қанағаттанарлық.

Тәртіп сақшысының 157 адаммен байланыста болғаны анықталған. Олардың барлығы тексерістен өткізілген.

Етене жақын араласқан 11 туысы мен қызметтесі карантинге алынған. Қалғаны үй жағдайында бақылауда.

"Бір жағдайға бола Талдықорғанды карантинге жаппаймыз. Егер эпидемиологиялық жағдай өршіп жатса, онда карантинге баруға тура келеді. Тұрақты болса, 18-інде келесі кезеңмен межведмствоның комиссияның шешімімен базарларды ашамыз.
Содан кейін 30 адамға дейін ашық түрдегі дәмханаларды. Кейін балабақшалар мен мешіт, шіркеулер ашылатын болады", - деді облыстық тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігінің басшысы Қайрат Баймұхамбетов.

Оның айтуынша, өткен тәулікте өңірде 7 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Олардың алтауы Кеген ауданын, біреуі Талдықорған қналасына.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 5571-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Талдықорғанда коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелді