Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрғындар Алматыға кіру үшін күн сайын ұзын-сонар кезекке тұруда (видео)

Опубликовано:

ТЖ режимін алып тастау жән карантин шараларын бәсеңдету Алматы кіреберісіндегі шақырымға ұласқан кептеліске алып келді. Адамдар қалаға кіруге мүмкіндік алу үшін сағаттап кезекке тұруда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ KTK арнасына сілтеме жасап.

Тұрғындар Алматыға кіру үшін күн сайын ұзын-сонар кезекке тұруда (видео)
Видеодан кадрлар: КТК: Getty Images

Қала шекараларында әдеттегідей 30-ға жуық блок-бекет жұмыс істеп тұр. Күнделікті мұнда мегаполиске кіру үшін жүздеген көлік, жүргізушілер мен жолаушылар жиналады.

Олар қалаға ену үшін бірнеше сағат күтуге мәжбүр. Алматы полициясы ТЖ режимі аяқталғаннан кейін Алматы мен облыс арасында жүретін автокөлік сан бірнеше есеге артқанын мәлімдеді.

Дегенмен өңір тұрғындары қалаға тек рұқсатпен кіре алады. Базаға қала сыртында тұратын, біргақ мегаполисте жұмыс істейтін азаматтар кірген.

Кей азаматтар блок-бекеттерден өте алмаумен қоса, қалаға зат беріп жіберудің де мүмкін емес екенін айтып, наразылық білдіруде. Блок-бекеттердің екі жағында тұрған қазақстандықтар қалай кездесуді білмей сабылып жүр.

"Тұрып қалдық, Не ары емес, не бері емес. Тек кордондардың айналасында жүгіреміз де қоямыз", - дейді алматылықтардың бірі.

Дереккөз: КТК

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855916-trgyndar-almatyga-kiru-sin-kn-sajyn-zyn-sonar-kezekke-truda-video/

pixel