Выйти
RU

"Сақинаны кім тақты": Оранып алған Мөлдір Әуелбекова елді ойландырып қойды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақ эстрадасының жұлдызы Мөлдір Әуелбекова желіде орамал тартып түскен суретімен бөлісіп, елдің қызу талқысына түсті. Желідегілер өнер иесінің өмірінде түбегейлі өзгерістер орын алып жатыр деп болжады. Оларды әншінің оранып алғаны мен қолындағы сақинасы ойландырып қойған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/moldir.auyelbekova/ Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/moldir.auyelbekova/ Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мөлдір Әуелбекова қалың көпшілікті желідегі соңғы фотосымен ғана емес, жеке парақшасындағы өзгерістерімен де таңғалдырған. Әнші Instagram-дағы барлық суреттерін өшіріп тастаған.

Өнер иесін бұл қадамдарға не итермелегені белгісіз. Желі қолдануылары бұл жайттардың астарында не бар екенін біле алмай әлек болуда.

Олар сүйікті әртісінің парақшасын жіті тексеріп, соңғы фотосанын сақина тағып алғанын байқап қалған. Әуелбекованың жанкүйерлері ол сүйіктісімен отбасын құрғалы жатыр деп топшылады.

"Қолдағы сақинаны байқадыңдар ма?" , "Орамал таққан жарасады екен" , "Парақшаңыздағы суреттер қайда кеткен?" , "Неге бәрін өшіріп тастадыңыз? Ғашығыңыз қарсы ма?" , "Отбасын құрайын деп жүрген секілді" , "Намазхан жігітке тұрмысқа шықтыңыз ба?" , "Сақинаны кім тақты" , - деп сұрақтың астына алды әншіні.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова ғашығымен түскен фотосын жариялап, халық талқысын тудырған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Сақинаны кім тақты": Оранып алған Мөлдір Әуелбекова елді ойландырып қойды (фото)