Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысындағы су тасқыны: Желіде адам шошырлық кадр тарады (видео)

Опубликовано:

Желіде Түркістан облысы Бадам өзені жағасын су шаюы салдарынан құлаған шаруашылық нысанның видеосы тарады хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Желіде Түркістандағы су тасқынының адамшошырлық кадрлары тарады (видео)
Фото: Видеодан кадрлар: UGC

Түркістан облысында бірнеше күн бойы ауа райының қолайсыздығынан тұрғын үйлер мен шаруашылық нысандар зардап шегіп жатыр, адамдар қауіпсіз жерге көшірілген.

Мәселен әлеуметтік желіде Бадам өзені жағасындағы нысанның опырылған сәтінен адам шошырлық кадрлар тарады. Камера объективіне шаруашылық құрылымның суға құлаған сәті түсіп қалған.

"Құрылыс иелеріне жаның ашиды", "Масқара, мұндай су ешқашан болмаған", "Маңында тұрғын үйлер бар ғой" деп жазды желі қолданушылары.

Еске сала кетейік, 13 мамыр түнде Түркістан облысында жауын-шашын салдарынан бірнеше үй мен аулаларды су басты.

Белгілі болғандай толассыз жауған нөсерден Төле би ауданындағы өзендердің су деңгейі көтерілген.

Бұл жайттан кейін облыста тағы жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. Сондай-ақ, Түркістан облысының ТЖД жанынан департамент қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлерінен құралған жедел штаб құрылды.

Су тасқыны зардабын жоюға 612 маман мен 84 техника 47 мотопомпа жұмылдырылды.

Төтенше жағдай комитетінің мәліметінше, өңірде 15 мамыр күні де нөсер күтіледі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855941-trkistan-oblysyndagy-su-taskyny-zelide-adam-sosyrlyk-kadr-tarady-video/

pixel