Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәбит Әбдіхалықов: Мен жұмысты қойып едім, бүкіл ел жұмысты қойып кетті

Опубликовано:

Отандық танымал актер, продюсер Сәбит Әбдіхалықов Әуезов театрының басшысы қызметінен кеткелі желіде белсенділігін арттырған. Өнер иесі жеке парақшасында жас кезіндегі түрлі естеліктерін жариялап, талантты әріптестері туралы жазып жүр. Оған қоса, ол соңғы уақытта қоғамда орын алып жатқан жағдайларға да қатысты пікір білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sabit_abdykalykov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/sabit_abdykalykov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Сәбит Әбдіхалықов бұл жолы Instagram желісінде ТЖ режиміне қатысты жазбасымен бөліскен.

Продюсер өзі жұмыстан кеткен уақытта барша халық та коронавирус салдарынан үйінен шыға алмай қалғанын айтты.

Оған қоса, өнер иесі карантиннен әбден шаршағанын жеткізіп, жақын арада жұмысқа шығатынын хабарлады. Алайда, оның жаңа қызметіне қатысты әзірге ақпарат жоқ.

"Мен жұмысты қойып едім, бүкіл ел жұмысты қойып кетті. Жата беріп жындануға жарты сағат қалды, жалпайып та кеттім. ТЖ аяқталды, ертеңнен бастап жұмысқа шығайын. Барлықтарыңызға жұмыстарыңызды бастап, табысқа жетулеріңізге тілектеспін" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Сәбит Әбдіхалықов Әуезов театрының директоры қызметінен кеткен болатын.

Театр ұжымы басшысын асқан құрмет пен қимастықпен шығарып салды. Әбдіхалықов басшылық қызметінен денсаулығына байланысты кеткенін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1855957-sbit-bdihalykov-men-zmysty-kojyp-edim-bkil-el-zmysty-kojyp-ketti/

pixel