RU

Дауыл, бұршақ: Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады

Синоптиктер алдағы демалыс күндері Қазақстанның барлық өңірінде тұрақсыз ауа райы сақталады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидромет" РМК-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Мамандардың мәліметінше, 16-18 мамыр аралығындағы тұрақсыз ауа райы фронтальды бөліктердің өтуімен байланысты.

"Кей жерлерде найзағаймен жаңбыр, батыста, орталықта және оңтүстікте жекелеген аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде дауыл, желдің күшеюі күтіледі, сондай-ақ бұршақ жаууы ықтимал", - деді синоптиктер.

Ауа райын болжаушылар кезеңнің соңында батыс аймақтарынан басқа аудандарда оңтүстік-батыс тропосфералық ағындарымен температураның бірте-бірте жоғарылауы күтілетінін жеткізді.

Сонымен қатар мамандар 16 мамырда Түркістан облысының тауларында күндіз қатты жаңбыр күтілетінін хабарлады.

"Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде оның екпіні 15-20 м/с жетеді", - деп ескертті ведомство.

Шымкент пен Түркістан қалаларында да ертең найзағай мен дауыл күтіледі. Онда оңтүстік-батыстан жел соғып, найзағай болады.

Еске сала кетейік, 13 мамыр түнде Түркістан облысында жауын-шашын салдарынан бірнеше үй мен аулаларды су басты.

Белгілі болғандай толассыз жауған нөсерден Төле би ауданындағы өзендердің су деңгейі көтерілген.

Бұл жайттан кейін облыста тағы жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855960-dauyl-brsak-elimizde-demalys-knderi-aua-rajy-kandaj-bolady.html