Выйти
RU

Карантин Алматы мен елорданың экологиясына қалай әсер етті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Карантин режимі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының экологияларына қалай әсер етті? Бұған экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ахметжан Пірімқұлов жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы вице-министр Хабар 24 арнасындағы онлайн брифинг барысында айтты.

Оның сөзінше, бүгінде "Қазгидромет" Қазақстан бойынша ауаның сапасын бақылап отырады. Ал карантин режимі енгізілгеннен кейін елорда мен Алматыдағы жағдай ерекше бақылауға алынған. 

"Талдау жұмыстары көрсетіп отырғандай, Алматының төменгі бөлігінде PM 2,5, PM10 өлшемді бөлшектері бойынша концентрацияның артқаны байқалады. Бұл ластану жағдайы ЖЭО-2, ЖЭО-3 жұмысына тән сипат. Алайда қаланың жоғары бөлігінде азот оксиді, азот диоксидінің төмендегені байқалады. Фенол концентрациясы өткен жылға қарағанда 60 есе төмендегені байқалады. Бұл дегеніңіз көліктен бөлінген қалдықтың азайғанын көрсетеді", - деді Пірімқұлов.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары елордада да көліктен бөлінетін қалдық мөлшері азайғанын мәлімдеді.

"Алайда ЖЭО секілді ірі өндірістік кәсіпорындардың жұмысы жалғасып жатыр. Олардан шығатын қалдық баршылық", - деді ол.

Еске сала кетейік, елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды. Дегенмен ірі қалалар мен облыстарда карантин режимі сақталып қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантин Алматы мен елорданың экологиясына қалай әсер етті