Выйти
RU

"Шашынан сүйреген": Қостанайда шулы видеодағы трансгендерді жазалады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Карантин кесірінен Қостанайда қалып қойған трансгендер-бойжеткенді кеше кешке қалалық полиция департаментіне шақыртып, оған қандай жаза қолданатыны жөнінде шешім қабылданды. Ол желіде күзет қызметкерлері оны шашынан сүйреп тасыған видеоның арқасында танымал болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Полицияда құжат бойынша жігіт болып шыққан трансгендерді Қылмыстық кодекстің бірінші бөлімі, 252 бабы "Жеке күзет қызметі қызметкерлерінің өз өкілеттігін асыра пайдалану" бойынша қозғалған іс аясында жәбірленуші ретінде таныған. Оның есімі - Серік болып шықты.

Іс "Арыстан" күзет фирмасының екі қызметкеріне қатысты қарастырылып жатыр. Тергеушіге жауап бергенннен кейін Серікке әкімшілік материал құрастырған полиция бөлімшесіне баруды айтқан.

"Хаттама ӘҚБК 449 бабы "қоғамдық орындарда тиісу" бойынша құрылған. Жігітке ескерту жасалынды. Алайда, Серік өзіне тағылған құқықбұзушылыққа қатысты кінәсін мойындағанымен құжатқа шағым түсіруге ниетті емес екенін білдірді. Себебі, тағы да жұртқа жария болып кеткенін қаламайды" , - деді құқыққорғаушы Александра Сергазинова.

Қазіргі таңда, трансгендер көшеге де шыққысы келмейді. Себебі, көбісі оны танып қоятын болған.

Ер адам әлі де бұл қақтығыс өзінің гендерлік таңдауына байланысты басталды деп есептейді.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Айта кетейік, күні кеше Қостанайда күзет қызметкерлері мен бойжеткеннің арасындағы қақтығыстың видеосы тарап кеткен болатын. Ер адамдар аруды шашынан сүйреп тасыған. Алайда, кейіннен белгілі болғандай, ол шын мәнінде жігіт болып шыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Шашынан сүйреген": Қостанайда шулы видеодағы трансгендерді жазалады