RU

Қазақстан халқының саны қанша: Соңғы мәліметтер белгілі болды

2020 жылы еліміздің халқы 292 704 адамға көбейіп, жыл соңында 19,189,022 адамды құрайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы countrymeters.info-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда халық саны 19 005 124.

Бір жыл ішінде шамамен 424 789 нәресте өмірге келіп, 167 610 адам көз жұмды.

Егер сыртқы көші-қон деңгейі өткен жылдың деңгейінде қалатын болса, онда көші-қон себептеріне байланысты халық саны 35 525 адамға өседі. Яғни, елге ұзақ мерзімді болу үшін келгендердің жалпы саны (көшіп келушілер) елден кеткендердің (эмигранттардың) санынан көп болады.

Қазақстан халқының 2020 жылға қарай өзгеру қарқыны көрсетілген:

  • Туу көрсеткіші: күніне орта есеппен 1164 бала (48,49 сағатына)
  • Өлім: орта есеппен күніне 459 адам (сағатына 19,13)
  • Көші-қон өсімі: күніне орташа есеппен 97 адам (сағатына 4,06)

2020 жылы Қазақстанда халық санының өсу қарқыны тәулігіне 802 адамды құрайды.

Еске сала кетсек, 2020 жылы нәрестелерге ең қойылған есімдер белгілі болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855984-kazakstan-halkyny-sany-kansa-sogy-mlimetter-belgili-boldy.html