RU

Нұр-Сұлтанға кімдерге кіріп-шығуға рұқсат етілді: Әкімдік тізімді жария етті

Нұр-Сұлтан әкімдігі елорда аумағында санитарлық блокбекеттер жұмысының жаңа алгоритмін жариялады. Қалаға кіріп-шығатын азаматтардың өзімен бірге тиісті құжаты болуы тиіс деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанға кімдерге кіріп-шығуға рұқсат етілді: Әкімдік тізімді жария етті
Фото: NUR.KZ: Depositphotos

Алгоритмге сәйкес, қала аумағына шығуға және кіруге тыйым салуды қамтамасыз ете отырып, блокбекеттерде санитарлық-карантиндік бақылау жалғасады.

Нұр-Сұлтанға кіріп-шығуға кімдерге рұқсат етілген:

  • халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
  • төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін өз жұмысын қайта бастаған ұйымдардың қызметкерлері;
  • карантин аймағында, одан тыс жерлердегі саяжай учаскелеріне (қала сыртындағы үйлерге) бара жатқан адамдар;
  • медициналық анықтамасы бар адамдар;
  • көктемгі егіс жұмыстарына жіберілгендер;
  • Ақмола облысының Целиноград, Аршалы, Шортанды және Қорғалжын аудандарының тұрғындары;
  • басқа өңірлерде тіркелген, карантин аймағынан шығатын адамдар, олар санитарлық блокбекетте қажетті құжаттарды толтыруы тиіс;
  • патрульдік полициясыз, жерлеу рәсімі үшін карантин аймағын кесіп өтетін азаматтар;
  • шет мемлекеттердің азаматтары;
  • карантин аймағына немесе карантин аймағынан кәмелетке толмаған балаларына бара жатқан ата-аналар;
  • карантин аймағына немесе карантин аймағынан сырқат туыстарына күтім жасау үшін бара жатқан адамдар;
  • әуе рейсімен баратындар (Нұр-Сұлтаннан ұшатындар – Sputnik);
  • қалпына келтіру жұмыстары және су тасқынына қарсы шараларға көмек көрсету үшін Түркістан облысына жіберілгендер;
  • азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың жүк көліктері;
  • транзит.

Сонымен қатар, бекітілген құжатта карантин аймағын кесіп өту бойынша барлық түпкілікті шешімді блокбекеттерде жауапты қызметкерлер қабылдайтыны айтылған.

Нұр-Сұлтан қаласының карантин аймағын кесіп өтетін әрбір адам "БЛОКПОСТ" ақпараттық деректер базасында міндетті түрде есепке алынуы тиіс.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1856011-nr-sltanga-kimderge-kirip-syguga-rksat-etildi-kimdik-tizimdi-zaria-etti.html