Выйти
RU

COVID-19: Алматыда жаңа босанған әйел сәбиімен бірге ауруханадан шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматыда коронавирус инфекция расталған 30 жастағы келіншек сауығып, емдеуден шығарылды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Covid-19: Алматыда жаңа босанған әйел сәбиімен бірге ауруханадан шықты

Көрнекі фото: NUR.KZ

2020 жылдың 17 сәуірінде №1 Қалалық клиникалық ауруханада вирус жұқтырған 30 жастағы келіншек салмағы 2,5 келі дені сау қыз баланы дүниеге әкелді.

Жаңа туған сәбиді тексеру кезінде Covid-19 диагнозы расталмады. Нәресте осы уақыт ішінде балалар бөлімшесінде дәрігерлердің қарауында болды.

"Бүгін мен өз қызымды алғаш рет қолыма алып отырмын. Менің босанғаныма бір ай болды. Өкінішке орай, бұл пандемия маған да келіп жетті. Мен 12 сәуірде жұқпалы аурулар ауруханасынан осында келіп түскенде, өзімді жайсыз сезінген болатынмын. Менде жөтел, дене қызуы, ентігу болды. Маған моральдық тұрғыдан көмектескені үшін дәрігерлерге үлкен рахмет.
Олар мені емдеп қана қоймай, мейіріммен қарап, маған рухани қолдау көрсетті. Тек дәрігерлерге ғана емес, сондай-ақ мейірбикелерге, санитарларға да алғыс айтқым келеді. Олардың еңбегі зор. Қорғаныс костюмен жүру олар үшін оңай емес, сонда да олар міндетін орындауда. Олар біздің денсаулығымызды жақсартуға барын салып отыр", - деді Жібек Жүсіпова.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Қазіргі уақытта ана мен бала денсаулығының жай-күйі қанағаттанарлық деп бағалануда, енді олар үй карантинінде болады.

Перзентхана директоры Сәбит Пазыловтың айтуынша, қазіргі уақытта перзентханада Covid-19 вирусы бар босанған 5 әйел жатыр. Барлық жаңа туған нәрестеде талдау теріс нәтижені көрсеткен. Жақын арада олар да ауруханадан шығарылады.

"Қазір біздің ауруханамыз 442 төсек орынға арналып ашылған провизорлық орталық. Оны ішінде 50 төсек – біздің перзентханамызда, онда Covid-19 диагнозына күдікті не расталған жүкті және босанған әйелдер жатыр. Біздің перзентханамыз провизорлық стационар ретінде жұмысын 12 сәуірде бастады. Осы уақыттан бері біздің перзентханамызда карантиндегі жүзден астам жүкті әйел емделді, 20 әйел босанды, оның 5-уі расталған диагнозымен дені сау сәбиді дүниеге әкелді", - деді Сәбит Пазылов.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар тізімі 81 адамға көбейді. Осылайша, елімізде қатерлі дерттен айыққандар саны 2639-ға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
COVID-19: Алматыда жаңа босанған әйел сәбиімен бірге ауруханадан шықты