Выйти
RU

Қазақстанда коронавирустан емделгендер саны 2700- ден асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирустан тағы 68 адам емделіп шықты. Осылайша, елде қауіпті дертті еңсергендер саны 2707-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирустан емделгендер саны 2700- ден асты

Көрнекі фото: pixabay.com

15 мамыр 21:25-тегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, 68 адам коронавирус дертінен емделіп шықты.

Жазылғандардың екеуі Нұр-Сұлтан қаласында, 43- і Алматы қаласында, біреуі Шымкентте, 17-сі Атырау облысында, бесеуі Жамбыл облысында тіркелді. Осылайша, Қазақстан бойынша жазылғандар саны 2707-ге жетті.

Нұр-Сұлтан қаласы – 543

Алматы қаласы – 614

Шымкент қаласы – 172

Ақмола облысы – 96

Ақтөбе облысы – 91

Алматы облысы – 111

Атырау облысы – 147

Шығыс Қазақстан облысы – 21

Жамбыл облысы – 105

Батыс Қазақстан облысы – 133

Қарағанды облысы – 143

Қостанай облысы – 37

Қызылорда облысы – 188

Маңғыстау облысы – 40

Павлодар облысы – 114

Солтүстік Қазақстан облысы – 29

Түркістан облысы – 123.

Айта кетейік, бүгін Алматыда коронавирус инфекция расталған 30 жастағы келіншек сауығып, емдеуден шығарылды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Қазіргі уақытта ана мен бала денсаулығының жай-күйі қанағаттанарлық деп бағалануда, енді олар үй карантинінде болады. Перзентхана директоры Сәбит Пазыловтың айтуынша, қазіргі уақытта перзентханада Covid-19 вирусы бар босанған 5 әйел жатыр. Барлық жаңа туған нәрестеде талдау теріс нәтижені көрсеткен. Жақын арада олар да ауруханадан шығарылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирустан емделгендер саны 2700- ден асты