Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Фото: Ақорда: Instagram

Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы нарығының қазіргі ахуалы мен биылғы қаңтар-сәуір айларында жүзеге асырылған ақша-несие саясатының қорытындылары жөнінде мәлімет берді.

Сондай-ақ, Ерболат Досаев дағдарысқа қарсы шаралардың іске асырылуы және экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жолдары туралы баяндады.

Қазақстан Президенті Жұмыспен қамту жол картасына бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын қатаң бақылауға алуды және оның көзделген мақсатқа сай пайдаланылуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Осы ретте Мемлекет басшысы өндіріс саласында жаңа жұмыс орындарын ашудың қажеттілігін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Айта кетейік, Қазақстанда мемлекеттік қызметке орналасу ережесі өзгерді. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жаилғанова мәлімдеді.

Төрайымның сөзінше, азаматтардың мемлекеттік қызметке орналасу үдерісін жеңілдету үшін және конкурстарды барынша ашық өткізу үшін Агенттіктің бастамасымен "Мемлекеттік қызметке орналасу ережелеріне" бірқатар өзгерістер енгізілген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856036-memleket-bassysy-lttyk-bank-tragasyn-kabyldady/

pixel