RU

Тоқаев төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер енгізілген заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Сонымен қатар аталмыш хабарлама ведомствоның Тwitter-дегі парақшасында да пайда болды.

Айта кетейік, бұған дейін аталмыш заң жобасын сенаторлар қабылданғаны хабарланған болатын. Заң жобасында президенттің ТЖ кезіндегі өкілеттілігі кеңейтелуі мүмкін екені айтылған еді.

Ұлттық экономика министрі төтенше жағдайлар туралы заң жобасы елдегі төтенше жағдай кезінде мүмкіндігінше жедел әрі тиімді шаралар қабылдау үшін әзірленгенін мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл қоғамдағы және экономикадағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Мәселен төтенше жағдай кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін президент бюджет, кеден, банк, еңбек туралы және монополияға қарсы заңнамалардың, сонымен қатар денсаулық, мемлекеттік сатып алулар, валюталық реттеу туралы заңнамалардың жұмыс істеуінің ерекше тәртібін белгілей алады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1856070-tokaev-ttense-zagdaj-mseleleri-bojynsa-zgerister-engizilgen-zaga-kol-kojdy.html