RU

Алматыда 18 мамырдан бастап қандай ұйымдар жұмысын бастайды

Алматыда 2020 жылдың 18 мамырынан бастап туроператорлар, ұялы байланыстың абоненттік бөлімшелері, ЕДБ және қаржы секторының басқа да ұйымдары қызметінен шектеулер алынады. Бұл тағы 34,2 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы. Фото: Петр Карандашов
Алматы. Фото: Петр Карандашов: Original

Ведомстованың мәліметінше, қалада карантиндік шаралар әлі де жалғасуда.

Ал туроператорлардың, ұялы байланыстың абоненттік бөлімшелерінің және қаржы секторы компанияларының жұмысы келесі алгоритмді орындау шартымен ғана мүмкін болады:

  • 1 - Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысының ережелерімен танысу;
  • 2 - Міндетті әлеуметтік қашықтық, жұмыс орындарындағы қатаң санитарлық режим және т. б. ережелер талаптарына сәйкес нысанды дайындау.

Дайындық жұмыстары сәтті аяқталғаннан кейін infoalmaty.kz сайтында тіркеліп, нысанның ережелердің талаптарына сәйкес дайындалғанын растау және электронды цифрлық қолтаңбамен хабарламаға қол қою арқылы кәсіпорында жазылған нормалардың сақталуына кепілдік береді.

Тікелей жұмыс орнында қажет болатын қызметкерлер санын осы ұйымдардың жетекшілері дербес анықтайды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін аудит өткен жағдайда жеке тұрған сұлулық салондары мен білім беру орталықтары, өнеркәсіп және құрылыс саласындағы объектілер, жобалау ұйымдары, сондай-ақ үйге жеткізу қызметі, ТЖО, шиномонтаж, көлік жуу және автосалондар, ұйымдастыру техникасын жөндеу және жарнама агенттіктерінің шектеулер алынған болатын.

Сонымен қатар көлік және қойма, Ақпарат және байланыс, қаржы қызметтері (50% - ЕДБ, микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, брокерлер, ломбардтар, айырбастау пункттері), бизнеске арналған кәсіби қызметтер, фотосалондар мен гүл павильондары, шаштараздар, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар жөніндегі компаниялар, баспа қызметі, аяқ киім жөндеу және химиялық тазалау, кір жуу, ауданғы 500 шаршы метрге дейін азық-түліктік емес дүкендер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындап және аудит тексерісінен өтпей жұмысын бастап кеткен еді.

Айта кетейік, бұған дейін шаһарада сауда орталықтарын, сауда-ойын сауық кешендерін кезең-кезеңімен ашу мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1856085-almatyda-18-mamyrdan-bastap-kandaj-jymdar-zmysyn-bastajdy.html