Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда іздеу салынған жасөспірім қыз табылды

Опубликовано:

Ақтауда полиция қызметкерлері іздеу салынған Галина Ермольчеваны тауып, отбасына қайтарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Лада сайтына сілтеме жасап.

Фото: Лада
Фото: Лада: Depositphotos

Маңғыстау облыстық Полиция дептарментінің мәліметінше, олар 2004 жылғы жасөспірімді бүгін 16 мамырда №34 шағынаудандағы "Дина" шағын маркетінен тапқан.

"Қыз бала туыстарына берілді", - деп хабардар етті ведомствоның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін 15 мамыр күні сағат 18:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған Галина есімді жасөспірім қыздың іздестіріліп жатқанын жазған едік.

"Ол 21:30-ға дейін көрші аулада серуендеп жүрген. Кейін құрбыларына қайырлы түн тілеп, үйге қайтқан. Алайда ол келмеді", - деген еді жасөспірімнің жақындары.

Сонымен қатар Семейде 19 жастағы арудың із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған болатын. Бойжеткенді іздеу жұмыстарына ұлттық ұлан сарбаздары, полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер қатысқан.

Алайда 15 мамырда оның денесі ипподром аумағында өзен жағасынан табылды. Қазір өлім себебін анықтау мақсатында бірқатар сараптама тағайындалған, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856094-aktauda-izdeu-salyngan-zasspirim-kyz-tabyldy/

pixel