Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы 307 адам: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 6 мыңнан асып түсті

Опубликовано:

Республикамызда соңғы 24 сағат ішінде коронавирус инфекциясы бар науқастардың жалпы саны 307 адамға өсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Тағы 307 адам: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 6 мыңнан асып түсті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Өсім 5,2% құрады деп хабарланған. Ауру жұқтырғандардың көп бөлігі Алматыда тіркелген (93), екінші орында – Шымкент (77), Атырау облысы үштікке кірді (35).

Аймақтар бойынша:

Алматы қаласы – 93 (5,4%)

Шымкент қаласы – 77 (28,6%)

Атырау облысы – 35 (6,9%)

Нұр-Сұлтан қаласы – 32 (2,7%)

Батыс Қазақстан облысы – 22 (7,6%)

Қарағанды облысы – 13 (5,9%)

Ақмола облысы – 9 (7,8%)

Түркістан облысы – 6 (3,1%)

Маңғыстау облысы – 6 (4,1%)

Алматы облысы – 5 (2,5%)

Ақтөбе облысы – 4 (1,8%)

Қостанай облысы – 2 (2,6%)

Жамбыл облысы – 2 (1,0%)

Шығыс Қазақстан облысы – 1 (1,8%).

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 6157 адамға жетті. Қазіргі уақытта Алматы қаласы жұқпалардың саны бойынша көшбасшы болып келеді.

Мегаполисте 1802 алматылықта коронавирустық инфекция анықталды. Екінші орында – Нұр-Сұлтан, онда 1231 адам коронавирус жұқтырған. Бұл қалалар – Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша 1 мыңнан асқандар, ауру таралғаннан бері қазақстандық дәрігерлер коронавируспен ауыратын 2 980 науқасты емдеді. Ал қайтыс болғандар саны – 34.

Еске салсақ, Алматыда коронавирустан емделіп жатқан Орталық клиникалық қалалық аурухананың қызметкері қайтыс болғаны туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856115-tagy-307-adam-elimizde-koronavirus-zktyrgandar-sany-6-mynan-asyp-tsti/

pixel