Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан орамжапырағы Беларусь еліне экспортала бастады

Опубликовано:

Түркістан шаруалары өсірген орамжапырақтарды Беларуське экспортау басталып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Түркістан облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Түркістан орамжапырағы Беларуське экспортала бастады
Фото: pixabay.com: UGC

Алғашқы 200 тоннасы шекарадан әрі асты. Жалпы, биыл облыста 300 мың тонна орамжапырақ өсіру жоспарланып отыр, оның көп бөлігі экспортқа жіберіледі.

Кәсіпкер шаруалардан 500 тонна орамжапырақ сатып алған. Алғашқы 200 тонна өнім жүктеліп, Беларуське жөнелтілді. Жүк көлігінің жүргізушілері шекараны кедергісіз кесіп өтетіндерін айтады.

Биыл Түркістан облысында 300 мың тонна орамжапырақ өсіруді жоспарлап отыр, оның 250 мың тоннасы экспортталады, ал 50 мың тоннасы ішкі нарықта сатылады.

Төтенше жағдайдың болуына байланысты Түркістан облысының шаруалары қиындықтарға тап болды. Сәуірде олар көкөністерді сата алмай, оларды тегін таратты.

Еске сала кетейік, 13 мамыр түнде Түркістан облысында жауын-шашын салдарынан бірнеше үй мен аулаларды су басты. Белгілі болғандай толассыз жауған нөсерден Төле би ауданындағы өзендердің су деңгейі көтерілген.

Еске салсақ, желіде Түркістан облысы Бадам өзені жағасын су шаюы салдарынан құлаған шаруашылық нысанның видеосы тараған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856120-trkistan-oramzapyragy-belaruske-eksportala-bastady/

pixel