Выйти
RU

Өкпесінің 75%-ы зақымданған: Досы Нурмагомедовтың жағдайы туралы айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бұған дейін комаға түскені хабарланған UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі есін жиған болатын. Абдулманап Нурмагомедов қазіргі ахуалы туралы жаттықтырушының досы, спорт комментаторы Рамазан Рабаданов айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РБК Спорт-қа сілтеме жасап.

Өкпесінің 75%-ы зақымданған: досы Абдулманап Нурмагомедовтың жағдайы туралы айтты

Фото: instagram.com/abdulmanap.nurmagomedov

Бұған дейін 57 жастағы бапкер Мәскеудегі ауруханаға жеткізіліп, инсульт алған деп хабарланған болатын.

"Ол әлі күнге дейін Мәскеудегі ауруханада жатыр. Оның өкпесінің 75%-ы зақымданған, оған қоса инсульт алған. Оған ұштастыру жасалып, комаға түсті, дәрігерлердің өзі оны комадан шығарды. Бірақ сөйлей алмайды, жағдайы ауыр. Біз бәріміз оның сауығып кетуіне үміттіміз", – деді Рабаданов.

Сәуір айының соңында Абдулманап Нурмагомедов Дағыстанда ауруханаға түсті, ауруханаға жатқызу себебі көрсетілмеген еді. Рабаданов жаттықтырушыға пневмония диагнозы қойылғанын айтты. Кейін Абдулманап Нурмагомедовтың өзін жақсы сезінетінін айтты.

Бұған дейін, Абдулманап Нурмагомедовтың есін жиғаны туралы жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, спорт комментаторының сөзінше, Абдулманап Нурмагомедов Махачкала маңындағы спорт базасының құрылыс алаңында екі апта жүріп, суық тигізіп алған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өкпесінің 75%-ы зақымданған: Досы Нурмагомедовтың жағдайы туралы айтты