Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Опубликовано:

Беларусь басшысы Александр Лукашенко Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, оның басшылығы кезінде елдің халықаралық аренадағы орны мен беделінің нығая түскенін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Александр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады
Александр Лукашенко мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда: UGC

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Президент 67 жасқа толды.

"Сіздің күш-жігеріңіздің, асқан жауапкершілікпен әрі тиімді басқаруыңыздың арқасында Қазақстан Республикасы тұрақты экономикалық өсім мен мемлекеттік реформаларды жүргізудегі нақты жетістіктерді көрсетіп, халықаралық аренада өзінің позициясы мен беделін одан әрі нығайтып келеді", – делінген құттықтауда.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Лукашенко Минск пен Нұр-Сұлтан қалаларының серіктестігін дамытуда Тоқаевтың қосқан жеке үлесі мен талпынысын жоғары бағалады.

"Өзара қолдау мен көмек көрсету Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы достық, сенім және серіктестік қатынастарды нығайтуға, жан-жақты байланыстарды одан әрі тереңдетуге ықпалын тигізеріне сенімдімін", – деді Беларусь президенті.

Оған қоса, Тоқаевқа мықты денсаулық, өркендеу және алға қойған мақсаттарына жетуін тіледі.

Мемлекет басшысы туған күнін тойлағанды ұнатпайтын болып шықты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтқан болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856135-aleksandr-lukasenko-kasym-zomart-tokaevty-tugan-knimen-kttyktady/

pixel