RU

Жел күшейіп, күн күркірейді: Еліміздің кей жерлерінде нөсер жауын күтілуде

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанда әлі де құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде күн күркіреп, оңтүстікте және солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Сонымен қатар, жел күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жел күшейіп, күн күркірейді: Еліміздің кей жерлерінде нөсер жауын күтілуде
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Түркістан облысының кейбір бөліктерінде найзағай, дауыл, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі, күндіз желдің екпіні 23 м/с. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел екпіні 15-20 м/с дейін, күндіз 23-28 м/с жетеді.

Жамбыл облысының күндіз кей аумақтарында найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23 м/с, түнде және таңертең тұман байқалады.

Ақмола облысының кейбір жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысында да найзағай, тұман, бұршақ болуы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с. Маңғыстау облысының кей бөліктерінде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с. Күндіз Батыс Қазақстан облысында да найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз кей жерлерде жел 18 м/с күшейеді. Түнде Атырау облысында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы 18 м/с.

Алматыда, күндіз Шығыс Қазақстан облысының аумақтарында күн күркірейді. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1856177-zel-ksejip-kn-krkirejdi-elimizdi-kej-zerlerinde-nser-zauyn-ktilude.html