Выйти
RU

Атырау облысында атыс болып, 35 жастағы жігіт ажал құшты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облысында атыс болып, салдарынан 35 жастағы жігіт мерт болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облысында атыс болып, 35 жастағы жігіт ажал құшты

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл оқиға туралы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім етті.

Ведомствоның ақпарынша, оқыс жағдай 15 мамыр күні Мақат кентінде болған. Атыс қаруынан 1985 жылы туған жергілікті жігіт жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған.

Тәртіп сақшылары екі күдіктіні анықтады. Оның біреуі ұсталып, қамауға алынған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлімі бойынша (Адам өлтіру) жүргізіліп жатыр.

«Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», -деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы қос бірдей білім беру мекемесінің шатыры қатты желден ұшып кеткені туралы жазған болатынбыз.

Дәл сол күні Сафоновка ауылында да осындай жағдай орын алып, жел Энгельс атындағы мектептің төбесінен соғып, шатырын ұшырған (ауданы 150 шаршы метр), сонымен қатар, көлік тұрағының шатыры да бұзылған (ауданы 180 шаршы метр).

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, желдің екпіні 9 м/с дейін болған. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырау облысында атыс болып, 35 жастағы жігіт ажал құшты
Mailfire view pixel