Выйти
RU

Қостанай облысында 17 жастағы студент үш апта бойы іздестіріліп жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қостанай облысында құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер осымен үшінші апта бойы 17 жастағы Руслан Жұбанышевті іздеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Тобол Инфо / Нұржан Смаилов

Фото: Тобол Инфо / Нұржан Смаилов

Белгілі болғандай, ол 29 сәуірде достарымен бірге балық аулауға кеткен деп жазды "Тобол инфо".

Алайда, содан бері оны ешкім көрмеген, өзі де байланысқа шықпаған.

Басылымның мәліметінше, Жұбанышевтің туыстары оны табу үшін тіпті, балгерлердің көмегіне жүгінген. Олар көмектесуге уәде беріпті. Алайда, осымен үшінші апта бойы жеткіншектің өзі де, не оның мәйіті де табылған жоқ.

Полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірге іздеу операциясын жүргізуде. Сүңгуірлер төрт көлді, қамыстардың арасын түгелдей қарап шықты, алайда, іздеу жұмыстары әзірге ешқандай нәтиже берген жоқ.

Жергілікті учаскелік полицей Темірлан Агибаевтың айтуынша, жоғалған студенттің ешқашан күмәнді істерге қатысы болмаған.

Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметкерлері аталған іс бойынша "кісі өлімі" бабымен тергеу жүргізуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда полиция қызметкерлері іздеу салынған Галина Ермольчеваны тауып, отбасына қайтарғанын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қостанай облысында 17 жастағы студент үш апта бойы іздестіріліп жатыр