Выйти
RU

Алматы облысында аудандар мен қала арасындағы блок-бекеттер алынады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысында карантиндік шараларды бірте-бірте босаңсыту жалғасуда. Өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясының таралуы тоқталмаған аймақтарды қоспағанда, аудандар мен қалалар арасындағы блок-бекеттер алына бастайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтің айтуынша, қоғамдық моншадан басқа моншалар, сауналар, СПА, массаж орталықтары және т.б. қызмет көрсету нысандары жұмысын бастайды.

Мектепке дейінгі ұйымдардың кезекші топтары (жасы бойынша) ашылады, шағын комплектілі білім орталықтары, үйірмелер (жазылу бойынша) қызметкерлер мен балалардың денсаулық жағдайына бақылау жасай отырып (термометрия) және ЖРВИ белгілері бар қызметкерлер мен балаларды шеттете отырып өз жұмыстарына кіріседі. Құтқарушыларды, техникалық қауіпсіздікке жауаптыларды дайындайтын және қайта даярлайтын мамандандырылған оқыту орталықтары, сол сияқты күзет және басқа да арнайы ұйымдар жұмыстарын қайта жалғастырады.

50 орынға дейінгі стадиондар ашылады. Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» РМКК жұмысын бастайды.

Бұл ретте қоғамдық орындарды, өнеркәсіптік аумақтарды, әуежайларды, аулалардағы балалар алаңдарын және басқа да нысандарды санитарлық және дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жалғасады. Барлық нысандарда санитарлық-дезинфекциялық шаралар күшейтіліп, маска кию режимі жаппай сақталуы тиіс.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Аталған қаулы 2020 жылғы 18 мамыр күнгі сағат 08.00-де күшіне енеді.

"Дегенмен коронавирус инфекциясының жұқтырудың жаңа деректерінің тіркелуіне байланысты эпидемиологиялық ахуалдың күрделі жағдайы сақталып отырған Талғар, Кеген аудандары мен Талдықорған қаласына бұл қаулының қатысы жоқ", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада кейбір қала тұрғындарының санитарлық нормаларды бұзуына байланысты қатаң шектеу шаралары қайта енгізілуі мүмкін.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында аудандар мен қала арасындағы блок-бекеттер алынады