Выйти
RU

Қазақстандағы коронавирус: Бір тәулік ішінде тағы 283 науқас тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 283 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Осылайша еліміздегі науқастар саны 6440-қа жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Дереккөздің мәліметінше, аурудың өсімі 4,6 пайызды құрады.

Соңғы тәулікте инфекцияға шалдыққандардың басым бөлігі Атырау облысында тіркелді – 86 адам.

Одан кейін Шымкент (60 адам), Алматы (46 адам) және Нұр-Сұлтан (20 адам) қалалары.

Түркістан облысында 19 жаңа науқас анықталды. Ал Қарағанды облысында 18 жаңа дерек тіркелді.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында тағы 13 адамнан коронавирус анықталды.

Маңғыстау облысында 8 жаңа науқас ауруханаға жатқызылды.

Павлодар және Алматы облыстарында жаңа үш деректен тіркелді. Ал Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында екі-екі науқастан анықталды.

Сондай-ақ Ақмола, Қостанай және Қызылорда облыстарында бір-бір жаңа деректен тіркелді.

Айта кетейік, өткен тәулік ішінде 276 науқас вирустан емделіп, ауруханадан шығарылды.

Жалпы, Қазақстан бойынша инфекция жұқтырғандар саны 6 440 адамға жетті.

Бұған дейін елордада кейбір қала тұрғындарының санитарлық нормаларды бұзуына байланысты қатаң шектеу шаралары қайта енгізілуі мүмкін екенін хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандағы коронавирус: Бір тәулік ішінде тағы 283 науқас тіркелді