Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздағы әскери бөлімде сарбаздар жаппай коронавирус жұқтырған

Опубликовано:

Тараздағы әскери бөлімде сарбаздар ауру жұқтырды. Қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны оннан астам адамды құрап отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

иииии
Фото: gorodfinansov.ru: UGC

Ведомство хабарлауында қызметкерлердің ауру жұқтыруы Оңтүстіктің әскери бөлімдерінің бірінде болғаны айтылған. Қарулы Күштер осы факт бойынша тергеу жүргізді, тергеу барысында жаппай инфекция жұқтырудың себебі аурудың алдын алу шараларының әлсіздігі болғандығы анықталды.

Қорғаныс министрлігінің басшылығымен жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылданды. Әскери бөлім және медициналық қызмет қолбасшылығы, сондай-ақ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелерін тылдық қамтамасыз етумен айналысатын бірқатар офицерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Хабарламада сондай-ақ әскери басшылыққа коронавирус инфекциясы бөлімшелер аумағында одан әрі таралмауы үшін шаралар қабылдауды тапсырғаны айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін республика аумағында жаңа вирусты жұқтырғандар саны қайтадан көбейгені белгілі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, өткен тәулік ішінде өсім 283 адамды құрады.

Атырау облысында ауру жұқтырғандардың жалпы санынан 86 науқас тіркелген.

Осылайша, республикада пандемия кезеңінде барлығы 6 440 науқас жұқтырылды. Қазіргі уақытта олардың барлығы қажетті емдеуден өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856232-tarazdagy-skeri-blimde-sarbazdar-zappaj-koronavirus-zktyrgan/

pixel