Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дана Нұржігіт: Бейсенді қараған емші "бүкіл қазақтың өксігін жинап алыпсың" деген

Опубликовано:

Бүгін белгілі тележүргізуші, "Жетісу" телеарнасының директоры Бейсен Құранбек көз жұмды. Осыған байланысты әлеуметтік желіде ел ағасының жақындары мен туыстарына көңіл айтып жатқандардың қарасы өте көп. Солардың бірі - парламент сенатының депутаты, қазақ журналистикасында өзіндік орны бар Дана Нұржігіт. Ол әріптесінің қазасы туралы әсерлі жазба қалдырып, оқырмандардың жанарына жас ұялатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бейсен Құранбек, фото: Ескелді ауданының әкімдігі/Facebook
Бейсен Құранбек, фото: Ескелді ауданының әкімдігі/Facebook: UGC

Бұл туралы Дана Нұржігіт Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Қимас досым, жанашыр әріптесім, журналистика, оның ішінде телевизия журналистикасында құбылыс болған саңлақ - Бейсен Құранбектен айрылып қалдық, ағайын!

Бейсенді қараған емшілердің бірі, "бүкіл қазақтың өксігін жинап алыпсың,қарағым-ау!" деген екен...

Нардың жүгін арқалап жүріп, айықпас ауруға шалдыққаныңды өзің де сезбей қалдың, Бейсеке...

Қазаққа ұл болған Бейсеннің жақындарына, соңғы деміне дейін қасында болып, кеше кешке өзім сөйлескен жары Гүлмираға, әкесінің қос шынары-қыздарына, 90-нан асқан аяулы анамыз бен бауырларына қабырғамыз қайыса, қайғырып көңіл айтамыз! Бақұл бол, досым!", - деді сенат депутаты.

Еске сала кетейік, бүгін, 18 мамыр күні белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбектің қайтыс болғаны хабарланды. Қаралы хабарды бірқатар отандық журналист жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856239-dana-nrzigit-bejsendi-karagan-emsi-bkil-kazakty-ksigin-zinap-alypsy-degen/

pixel