Выйти
RU

Алматыда ер адам дезинфекция жасаушы азаматқа пышақ ала жүгірді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Желіде ер адамның дезинфекциялаушыны қуып бара жатқан видеосы пайда болды. Оқиға Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласында болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар instagram.com/kris.p.almaty.official видеосынан

Кадрлар instagram.com/kris.p.almaty.official видеосынан

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі kris.p.almaty.official қоғамдық парақшасында жарияланды.

Жазба авторы роликтің "Премьера" түрғын үй кешенінің бейнебақылау камераларынан алынғанын жеткізді. Сондай-ақ шабуылдаған ер адамның мас күйде және қолында пышағы бар екені айтылады.

NUR.KZ редакциясы оқиғаның мән-жайын сұрап, Алматы қаласының полиция департаментіне жүгінген болатын. Ведомство өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, аталған оқиға 16 мамырда болған.

"Бұл оқиға алдыңгүні Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағында болған. Осы үйдің тұрғыны – 1983 жылғы ер адам мас күйде сөзге келіспей қалып, дезинфекциялау қызметкерінің артынан қуған. Оның қолында қару болғаны туралы ақпарат расталған жоқ.
Бұл жайт туралы "102" пультіне дезинфекциялаушы да, куәгерлер де хабар бермеген.
Кеше әлеуметтік желіде ақпарат пайда болған соң, біз тексеру шараларын жүргіздік. Барлық тараптарды анықтадық. Дезинфекциялау қызметкері арыз беруден бас тартты. Алайда, сол үйдің КСК басшысы арыз түсірді. Ол оқиға орнында болып, мас күйдегі ер адамға ауызша ескерту жасаған. Екіншісі оған балағат сөздермен жауап қайтарған.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", – деді Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында атыс болып, салдарынан 35 жастағы жігіттің мерт болғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда ер адам дезинфекция жасаушы азаматқа пышақ ала жүгірді (видео)
Mailfire view pixel