Выйти
RU

Алматыда сауда орындары, қонақ үйлер және ресторандар қашан ашылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда 25 мамырдан бастап аумағы 500 шаршы метрден асатын сауда орындары, қонақ үйлер, сонымен қатар қоғамдық тамақтану орталықтары жұмысын бастайды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыда 25 мамырдан бастап аумағы 500 шаршы метрден асатын 138 сауда объектерін ашу жоспарланып отыр.

Соның ішінде, сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарында бутиктер, сұлулық салондары, киім тазалау мекемелері, ресторандардың жұмысы қалпына келмек.

Олардың қызметіне 23.00 дейін рұқсат етіледі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, фуд-корттарды сауда орындарында, ойын-сауық орталықтарында екінші кезең барысында ашу жоспарлануда.

СПА, фитнес-орталықтары, көңіл көтеру объектерін үшінші кезең аясында ашылады.

Олардың нақты қай уақытта жұмыс істейтіні белгісіз. Бұл қаланың эпидемиологиялық жағдайына тікелей байланысты.

Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының хабарлауынша, қалада қоғамдық тамақтану саласында 3100 кәсіпорын тіркелген. Онда 27 мың адам жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды. Дегенмен ірі қалалар мен облыстарда карантин режимі сақталып қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда сауда орындары, қонақ үйлер және ресторандар қашан ашылады
Mailfire view pixel