Выйти
RU

Қазақстан қор биржасында доллар бағамы күрт төмендеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан қор биржасындағы таңғы сессия қорытындыларына сәйкес, шетелдік валютаның бағасы төмендеді. Қазіргі уақытта бір АҚШ доллары 417,24 теңгеге бағаланып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Осылайша, сауда аяқталғаннан кейін доллардың құны 3,02 теңгеге арзандады. Оның бағасының өзгеруі айырбастау пункттеріндегі валюта бағамдарына да әсер еткен.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыда долларды сатып алу құны 417-419 теңге, ал сату құны 420-424 теңгені құрайды.

Еліміздің басқа қалаларында да осыған ұқсас баға белгіленген – Нұр-Сұлтан, Шымкент, Талдықорған және Тараз.

Еске сала кетейік, бұған дейін валюта нарығындағы жағдай тұрақсыз болған. Оған бірқатар факторлар әсер етті, оның ішінде коронавирус пандемиясы мен мұнай бағасының төмендеуі бар.

Сондай-ақ жаңа инфекцияның таралуы көптеген кәсіпорындардың жұмысына да кері әсерін тигізді. Қазіргі уақытта көптеген компаниялар қашықтықтан жұмыс істеуде.

Кейбір мамандардың пікірінше, қашықтықтан жұмыс істеу көптеген компания қызметкерлерінің еңбекке қабілеттілігін арттырған.

Айта кетейік, бұған дейін нарықтағы тұрақсыздық кезінде ақшаны қай валютада ұстау керектігін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстан қор биржасында доллар бағамы күрт төмендеді