RU

"Қара жамылдық": Бейсен Құранбек басқарған "Жетісу" арнасы әсерлі видео жариялады

Бейсенбек Құранбек басшылық еткен "Жетісу" арнасы ол туралы әсерлі видеомен бөлісті. Бейнежазбада тележүргізуші тізгіндеген бағдарлама эфирлерінен үзінділер мен оның ерекше сұхбаты көрсетілген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр: Instagram

Бейсен Құранбекке арналған бейнеролик телеарнаның Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған. Белгілі журналистің қазасы өзі басқарған "Жетісу" ұжымына аса ауыр тигені сөзсіз.

"Қазақ журналистикасы, "Жетісу" телеарнасы қара жамылды. Ол асыл азамат, мейрімді әке, қайырымды дос, білікті басшы бастысы жаны таза, рухы биік адам еді. Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын" , - деп жазылған видеоның астында.

Тележүргізушіні еліміздің танымал тұлғаларымен қатар, жерлестері қатты қимай жатыр. Оған "Жетісу" телеарнасы жүктеген видеоға қайғыра пікір жазған Алматы облысының тұрғындары дәлел болмақ.

Еске сала кетейік, Бейсен Құранбек 2017 жылы "Талдықорған қаласының құметті азаматы" атанған болатын.

Бүгін, 18 мамыр күні таң атысымен белгілі тележүргізуші Бейсен Құранбектің қайтыс болғаны жайлы қаралы хабар күллі елдің қабырғасын қайыстырды. Ол небәрі 49 жасына қараған шағында өмірден өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Бейсен Құранбектің желідегі соңғы жазбасы ел назарына ұсынылған болатын. Оған қоса, елге сыйлы журналисті соңғы сапарға шығарып салу облыстық деңгейде өтетіні хабарланды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ол үшін арнайы комиссия құрды.

Еліміздегі танымал тұлғалар бүгін қазақ журналистикасы үшін қаралы күн екенін айтып, Бейсен ағаның қазасына аза тұтуда. Олар бірінен соң бірі журналистің отбасы мен туғандарына көңіл айтып жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1856265-bejsen-kranbek-baskargan-zetisu-arnasy-serli-video-zarialady.html