Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда храмдар, балабақшалар мен жаздық кафелер жұмысын бастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда карантин шаралары жеңілдегеннен кейін бірқатар мекеме жұмысқа кірісті. Қызметін қайта бастағандар қатарында балабақшалар, храмдар мен жаздық кафелер бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда храмдар, балабақшалар және жаздық кафелер жұмысын бастады

Көрнекі фото: pixabay.com

Карантин шараларын жеңілдету туралы шешімді ел билігі қабылдады. Тиісті қаулы Gov.kz сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, елорда аумағында сыйымдылығы 30 адамнан аспайтын кафе мен мейрамханалар жұмысын қайта бастады. Қызметін қайта іске қосқандар қатарына жаздық кафелер де енді.

Одан бөлек, жұмыс істейтін ата-аналар өз балаларын қайта балабақшаға апара алады. Бірақ бұл жерде шектеудің жаңа түрі бар. Яғни топтағы балалар саны 15-тен аспауы қажет.

Сонымен қатар азық -түліктік емес базарлар алаңы мен Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы да қайта жаңданды.

Сондай-ақ, елордада діни мекемелердің қызметіне де рұқсат етілді. Қазіргі уақытта мешіттер сағат таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді, бірақ ол жерге 10 адамнан артық құраммен кіруге тыйым салынған.

Айта кетейік, Алматыда 25 мамырдан бастап аумағы 500 шаршы метрден асатын сауда орындары, қонақ үйлер, сонымен қатар қоғамдық тамақтану орталықтары жұмысын бастайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда храмдар, балабақшалар мен жаздық кафелер жұмысын бастады
Mailfire view pixel