Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойдан нәпақа тауып жүргендер үшін карантин қалай әсер етіп жатыр

Опубликовано:

Еліміздің барлық өңірінде коронавирус пандемиясына байланысты карантин режимі енгізілген. Осыған байланысты бірқатар шектеу шаралары бар. Соның бірі - той жасау. Қоғам белсендісі тойдың уақытша тоқтауы халықтың ақшасын үнемдеп, қаржысын жинауға септігін тигізеді десе, экономист мұны нәпақасын тауып жүргендерге соққы болғанын айтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

"Тапқан таянғаның тойда шашылсын" дейтін қазақ халқы үшін мерекелік кештерге тыйым салу күтпеген жағдай болғандығы анық.

Алайда қоғам белсендісі Айша Құрманғалиқызы "тойды мақтанып жасайтындар үшін уақытша тыйым салынғаны дұрыс болды. Бір жағынан, тойсыз да жастардың бас қоса алатындығын, түрлі қуаныштарды атап өтуге болатындығын карантин дәлелдей түсті", дейді.

"Негізі дұрыс болды. Той тоқтамай-ақ қойсын, атап өтсін. Бірақ өзінің ең жақын деген адамдарының арасында. Ол үшін кредит алудың қажеті жоқ. Бұның мысалы ешқандай жастарға беретін олардың болашақ өміріне ешқандай әсері ешқандай тәрбиелік мағынасы жоқ. Тек қана қалтаны шығындату. Осы карантин негізі адамдардың той туралы ой-санасына, түсінігіне үлкен өзгеріс енгізді деп ойлаймын", - дейді ол.

Ал экономист Жангелді Шымшықов болса, мерекелік кештердің тоқтатылуы осы индустриядан нәпақа тауып отырғандар үшін үлкен соққы болғандығын айтады.

"Әрбір аудан орталығында, әрбір облыс орталығында осы небір адамдар осы тоймен күн көріп, сонымен табыс тауып жатыр. Бала-шағасын асырап жатыр дегендей. Енді оларға үлкен соққы болды. Бұл тұрғындардың сұранысы. Сол себепті бұл сұраныстың кемуі бұл экономикаға зиянды нәрсе. Коронавирус біздің сәл де болса тым шектен шығып бара жатқан тойға деген әуестігімізді тежегені оң өзгеріс", - дейді маман.

Еске сала кетсек, осыған дейін 25 мамырдан бастап Алматыда сауда орталықтарында орналасқан мейрамханалардың ашылуына рұқсат берілгенімен, әзірге ол жерде банкет, той жасауға рұқсат берілмейтінін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856288-tojdan-npaka-tauyp-otyrgandarga-karantin-kalaj-ser-etip-zatyr/

pixel