Выйти
RU

Теңіз кен орнының тағы 84 жұмысшысынан коронавирус анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсіп кетті. Соңғы тәулікте өңірде тағы 86 адамнан COVID-19 анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Теңіздің тағы 84 жұмысшысы коронавирус жұқтырды

Фото: Chip Somodevilla/Getty Images

Ведомство ұсынған ақпарат бойынша, 86 адамның 84-і Теңіз кен орнының жұмысшылары.

Жұқтыру фактілері демобилизация алдындағы скрининг кезінде анықталған.

Қалған екі адам -1986 және 1997 жылы туған әйел адамдар.

Келіншектердің бірі облыстық ауруханада санитар, екінішісі зертханашы болып жұмыс істейді. Олар осыған дейін провизорлық стационарға жіберілген.

Одан бөлек, ведомство коронавирус анықталған барлық адамдар ауруханаға жатқызылғаны хабарлады.

Сонымен қатар мамандар вирус ошақтарын оқшаулаған.

Айта кетейік, бүгінде жалпы өңірде коронавирус жұқтырғандар саны 627-ге жетіп отыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін Тараздағы әскери бөлімде сарбаздардың жаппай COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталғанын хабарлаған едік.

Аталмыш факт бойынша тергеу жүргізілген. Оның барысында жаппай инфекция жұқтыруға бөлімнің басшылығы мен медициналық қызмет тарапынан алдын-алу шараларының толыққанды ұйымдастырылмағандығы және бақылаудың жоқтығы себеп болғаны анықталған.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Осыдан кейін әскери бөлім және медициналық қызмет қолбасшылығы, сондай-ақ "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бөлімшелерін тылдық қамтамасыз етумен айналысатын бірқатар офицерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Теңіз кен орнының тағы 84 жұмысшысынан коронавирус анықталды
Mailfire view pixel