Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Амандық Баталов: Соңына дейін Бейсеннің ауруды жеңіп шығатынына сеніп едім

Опубликовано:

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қайтыс болған тележүргізуші Бейсен Құранбектің жанұясына қайғыра көңіл айтып, ол туралы естеліктерімен бөліскен. Өңір басшысы белгілі журналистің қазасынан жаны ауырып, көкірегі қарс айырылғанын жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бейсен Құранбек пен Амандық Баталов. Фото: el24.kz
Бейсен Құранбек пен Амандық Баталов. Фото: el24.kz: Instagram

Амандық Баталов өзінің Facebook парақшасында Бейсен Құранбек туралы жазба жариялады. Облыс әкімі ақпарат өкілін азаматтық болмысы, адами қасиеттері мен шыншыл мінезі үшін жақсы көргенін айтты.

Өзімен бірге бірнеше жыл қоян-қолтық жұмыс істеген журналистің қазасы оған аса ауыр тиген.

"Бүгін асыл азамат, ардақты бауыр, білікті тележурналист Бейсен Құранбек дүниеден өтті. Жүрегім езіліп, жаным ауырып, көкірегім қарс айырылып отыр. Мен Бейсенді ең алдымен азаматтық болмысы, адами қасиеттері, шыншыл мінезі үшін жақсы көруші едім. Ол жағынуды, кемшілікті жасырып-жабуды білмейтін.
Ешқашан ақиқаттың жолынан айныған емес. Маңайына шуағын шашып, мейірімін төгіп жүретін жаны жарық азамат еді. Мен əкім болып тағайындалғаннан кейін екінші күні келді, "Аға, мен қайтып келіп, сізбен бірге жұмыс істегім келеді", - деді. Содан бері бірнеше жыл қоян-қолтық жұмыс істедік" - деп жазды Баталов.

Оған қоса, өңір басшысы Бейсен Құранбектің жергілікті журналистика саласына қосқан үлесі мен жетістіктерін атап өтті.

"Алматы облысының «Жетісу» телеарнасына білікті басшылық жасап, телеарнаның беделін көтеруге, мазмұндық сапасын жақсартуға зор үлес қосты. Журналистер үйі ғимаратының салынуына тікелей ықпал етіп, осы істің басы-қасында жүрді. Жас журналистерге тәлімгер болып, жолын ашты.

Ағаға іні, кішіге қамқор аға бола білді. «Қазақстан» телеарнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасы арқылы да қаншама мыңдаған адамға көмектесті.

Мен соңғы күнге дейін оның ауруды жеңіп шығатынына сеніп едім. Əттең. Бірақ ажалға араша жоқ екен. Бейсен туралы өткен шақта айтудың өзі ауыр. Арыс азаматымыздың жатқан жері жарық, иманы жолдас болсын! Бейсеннің жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады " , - деп жазды әкім.

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы Бейсен Құранбек туралы жантебірентерлік жазбасымен бөліскен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1856294-amandyk-batalov-soyna-dejin-bejsenni-aurudy-zeip-sygatynyna-senip-edim/

pixel