Выйти
RU

Министрлік: Карантин ережесін сақтамау коронавиус жұқтырғандар санының өсуіне әкеп соқты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырғандардың саны артқанын меңзеп, бұған дейін айтылған сақтық шараларын сақтауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрлік: Карантин ережесін сақтамау науқастар санының артуына әкеп соқты

Көрнекі фото: NUR.KZ

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Денсаулық министрлігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында "Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды" айдарында карантин ережелері сақталмағандықтан, кейбір аймақтарда ауру өсімі артқанын хабарлады.

Ол тұрғындары көшеде топтасып жүретін, маска режимін ұстанбайтын, антисептик пайдаланбайтын, бір-біріне ауызашарға баратын Нұр-Сұлтан тұрғындарын мысалға келтірді.

"Қонаққа бармаңыздар. Өздеріңіз де қонақ шақырмаңыздар", - деді маман.

Осыған байланысты комитет басшысы қазақстандықтарды, әсіресе, елордалықтарды күнделікті ауру жұқтыру пайызының тұрақты және толыққанды азаюын күтуге шақырды.

Сонымен қатар Сұлтанғазиев маска режимін ұстанып, анисептиктер пайдалануды, халық көп жиналған орындарға бармауды, барған жағдайда 1,5- 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақтауды ұсынды.

Айта кетейік, Қазақстанда карантин шаралары жеңілдегеннен кейін бірқатар мекеме жұмысқа кірісті. Қызметін қайта бастағандар қатарында балабақшалар, храмдар мен жаздық кафелер бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Министрлік: Карантин ережесін сақтамау коронавиус жұқтырғандар санының өсуіне әкеп соқты