Выйти
RU

Коронавирустың таралуы жазда бәсеңдей ме

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жазда коронавирус инфекциясының таралуының төмендеуі күн сәулесіне немесе температураға байланысты емес. Бұл туралы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты деп жазды KAZ.NUR.KZ Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Вирустың жаңадан пайда болғанын, бұрын-соңды болмағандығын түсіну қажет. Зерттеулер барысында егжей-тегжейлері шығып жатады. Алайда, жаздағы температураның әсері жаз кезеңінде маусымдық тұмаудың немесе ЖРВИ-дің төмендеуіне негізгі себеп еместігін айыра білу керек. Жыл сайын ЖРВИ-ді тек қана күзде, көктемде тіркемейміз. Қыста, тіпті жазда да тіркеледі", - дейді Сұлтанғазиев "Денсаулық министрлігі хабарлайды" бағдарламасында.

Дегенмен, комитет басшысының сөзінше, жаз мезгілінде тұмау мен ЖРВИ аз тіркеледі.

"Бұл бірінші кезекте, күн сәулесіне немесе температураға байланысты емес. (...). Ал болжамға келер болсақ, вирус өзін алдағы уақытта қалай ұстайтындығын ешкім дөп басып айта алмайды", - дейді Тимур Сұлтанғазиев.

Еске сала кетсек, осыған дейін денсаулық сақтау министрі "елімізде коронавирус жазда жалғасын таба ма" деген сауалға жауап берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирустың таралуы жазда бәсеңдей ме
Mailfire view pixel