Выйти
RU

Шымкентте бір зауыттың 137 қызметкері коронавирус жұқтырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкентте скриннингтік тексеру нәтижесінде "Петро Қазақстан Ойл Продактс" ЖШС-нің қызметкерлері арасынан 137 адамнан короновирус инфекциясы анықталған. Бұл туралы бүгін​ ақпараттық-коммуникациялық орталығында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша брифингте айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша брифинг. Шымкент қаласының әкімдігі

Коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары бойынша брифинг. Шымкент қаласының әкімдігі

Белгілі болғандай "Петро Қазақстан Ойл Продактс" ЖШС-нің 654 қызметкері​ жоспарлы тестілеуден өткізілген. Соның нәтижесінде 137 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Зауыт аумағында қызметкерлерге медициналық қызметті "Медикер" ЖШС көрсетеді екен.

Сонымен қатар брифингте Шымкент қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызмттердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев қаладағы қоғамдық көлік қызметі өкілдері де жаппай скриннингтік тексеруден өтетінін мәлімдеді.​ ​

Сондай-ақ, вирусты жұқтыру қаупі бар топтағы​ контингентке жоспарлы тестілеу жүргізілмек.​

Оларға медициналық қызметкерлер және COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары қызметкерлер, созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған тұлғалар жатады.

Шымкентте тестілеуді қажет ететін 16552 адам анықталып отыр.

Айта кетсек, бүгінде Шымкент қаласында коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 404-ке жеткен. 183 адам COVID-19-дан сауығып, үйлеріне оралған.

Бүгінде стационарларда барлығы – 216 адам коронавирус инфекциясымен ауруханада жатыр, оның ішінде 150 адамда ауру белгілері жоқ.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Қаладағы эпидемиологиялық жағдай тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, қала әкімдігінің және Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Эпидемияға қарсы үздіксіз іс-шаралар жүргізілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында коронавирус жұқтырған тағы 86 адам тіркелгенін олардың 84-і Теңіз кен орныныңы жұмысшылары екенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте бір зауыттың 137 қызметкері коронавирус жұқтырған
Mailfire view pixel