Выйти
RU

Алматы мен елордада банктер, айырбастау нүктелері мен ломбардтар жаңа кестемен жұмыс істейді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы мен Нұр-Сұлтанда екінші деңгейлі банктер, ломбардтар және айырбастау нүктелері 18 мамыр мен 24 мамыр аралығында жаңа кесте бойынша жұмыс істейді. Тиісті қаулыны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

Алматы мен елордада банктер, айырбастау нүктелері мен ломбардтар қалай жұмыс істейді

Көрнекі фото: NUR.KZ

Қаулыны Ұлттық банк пен агенттік бірлесе бекіткен. Жарық көрген құжатқа сәйкес, 18 мамыр мен 24 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматыда төменде көрсетілген ұйымдардың жұмыс уақыты өзгереді.

Олар:

  • 1. Екінші деңгейлі банктер;
  • 2. Банк операцияларын жүзеге асыратын ( Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды еспке алмағанда) ұйымдар;
  • 3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) компаниялары;
  • 4. Сақтандыру брокерлері;
  • 5. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
  • 6. микроқаржылық ұйымдар, несиелік серіктестіктер;
  • 7. Төлем ұйымдары.

Енді жоғарыда көрсетілген кәсіпорындар таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 6-ға дейін жұмыс істейді. Аталған субъектілер қызмет көрсету филиалдарын өздері анықтауы тиіс, алайда қаулыға сәйкес, жұмысқа нақты филиал қызметкерлерінің тек 50 пайызы ғана орала алады.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстан туралы қызықты деректер

Қазақстан қор биржасы таңғы сағат 9-дан түскі 3-ке дейін жұмыс істейді: бұл уақытта сауда-саттық жүзеге асады. Есептеу таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 5-ке дейін жалғасады.

Апта бойы ломбардтар мен айырбастау нүктелері де таңғы 9-дан кешкі 5-ке дейін жұмыс істейді. Аталған ұйымдар 25 мамырдан бастап бұрынғы жұмыс кестесіне көшеді.

Сондай-ақ, бұйрықта барлық кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуі тиіс екені де айтылады.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда карантин шаралары жеңілдегеннен кейін бірқатар мекеме жұмысқа кірісті. Қызметін қайта бастағандар қатарында балабақшалар, храмдар мен жаздық кафелер бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы мен елордада банктер, айырбастау нүктелері мен ломбардтар жаңа кестемен жұмыс істейді
Mailfire view pixel