Выйти
RU

Тоқаев: Коронавирустың таралу қаупі сейілген жоқ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда коронавируспен күрес жұмыстары оң нәтиже көрсеткеніне қарамастан, елде аурудың таралу қаупі сейілмегенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев: Коронавирустың таралу қаупі сейілген жоқ

Фото: Ақорда

Президент қатерлі дерт туралы жазбасын Twitter әлеуметтік желісінде жариялады.

"Коронавирус індетіне қарсы күрестегі оң нәтижеге қарамастан, оның таралу қаупі сейілген жоқ. Азаматтарды денсаулықтарына зиян келтірмеу үшін, әсіресе, көпшілік жиналатын жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын. Карантин режимі жеңілдетілгенімен, әлі де сақталуда", - деп жазды мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырғандардың саны артқанын меңзеп, айтылған сақтық шараларын сақтауға шақырған еді.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевтің сөзінше, карантин ережелері сақталмағандықтан, кейбір аймақтарда ауру өсімі артқан.

Ол тұрғындары көшеде топтасып жүретін, маска режимін ұстанбайтын, антисептик пайдаланбайтын, бір-біріне ауызашарға баратын Нұр-Сұлтан тұрғындарын мысалға келтірді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев: Коронавирустың таралу қаупі сейілген жоқ