Выйти
RU

Алматыда коронавирус инфекциясынан тағы бір адам көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында коронавирус инфекциясынан тағы бір адам көз жұмды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда коронавирус инфекциясынан тағы бір адам көз жұмды

Көрнекі фото: pixabay.com

Марқұм 1961 жылы дүниеге келген әйел адам болған.

"Өлім жағдайларын зерттеу жөніндегі комиссия бұл фактіні коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан көз жұмғандар саны 35-ке жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус жұқтырғандардың саны артқанын меңзеп, сақтық шараларын сақтауға шақырған еді.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевтің сөзінше, карантин ережелері сақталмағандықтан, кейбір аймақтарда ауру өсімі артқан.

Сонымен қатар мемлекет басшысы да коронавирустың таралу қаупі сейілмегінін айтып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып отыр.

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 6640-қа жеткен. Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласынан және Атырау облысынан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коронавирус инфекциясынан тағы бір адам көз жұмды