RU

96 адам ауруханадан шықты: Елімізде қауіпті дерттен айыққандар саны тағы өсті

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар тізімі 96 адамға көбейді. Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде қатерлі дерттен айыққандар саны 3469-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

96 адам ауруханадан шықты: Елімізде қауіпті дерттен айыққандар саны тағы өсті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"Қазақстанда тағы 96 адам коронавирус инфекциясынан жазылды: Нұр-Сұлтан қаласында – 6, Алматы қаласында – 85, Жамбыл облысында – 5", - делінген ресми хабарламада.

Осылайша, елімізде барлығы 3 469 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты:

Нұр-Сұлтан қаласы – 602

Алматы қаласы – 1015

Шымкент қаласы – 196

Ақмола облысы – 96

Ақтөбе облысы – 147

Алматы облысы – 139

Атырау облысы – 174

Шығыс Қазақстан облысы – 26

Жамбыл облысы – 140

Батыс Қазақстан облысы – 173

Қарағанды облысы – 147

Қостанай облысы – 47

Қызылорда облысы – 210

Маңғыстау облысы – 50

Павлодар облысы – 132

Солтүстік Қазақстан облысы – 29

Түркістан облысы – 146

Естеріңізге сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстары оң нәтиже көрсеткеніне қарамастан, елде аурудың таралу қаупі сейілмегенін айтып, отандастарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1856341-96-adam-auruhanadan-sykty-elimizde-kauipti-dertten-ajykkandar-sany-tagy-sti.html