Выйти
RU

"Блок-бекеттер алынуда": Карантин жұмсара бастаған өңірлердегі ахуал қалай

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еліміздің көптеген өңірлерінде карантин режимі жеңілдетіліп жатыр. Орал, Ақтөбе мен Ақтауда жазғы кафелер жұмысын бастады. Әзірге кешкі алтыға дейін ашық. Ал Қарағанды облысында 5 серіктес қалалардың арасында автобус қатынай бастады. Ақмола облысында аудандар арасынағы блок-бекеттер енді ғана алынуда. Осы орайда карантин шаралары жұмсара бастаған өңірлердің жағдайы жайлы KAZ.NUR.KZ KTK арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақмола облысында ауданаралық жолдардағы блок-бекеттер алынып жатыр. Алғашқыда қойылған 100 бекет сәуір айында 58-ге дейін азайтылған. Қазір 6-уы қалды.

Тұрғындар облыс аумағында ғана еркін қатынауына болады. Оның өзінде тек санитарлық талапты сақталғанда. Көрші Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарымен шектесетін жерде блок-бекеттер сол қалпы орнында.

"Әлі алынбаған блок-бекеттер біздің облыс тұрғындарын Нұр-Сұлтан қаласына өткізбейді. Бірақ астананың арғы бетіндегі аудан тұрғындары сол жерде қалған үш бекетте дене қызуы тексеріліп, Көкшетауға қарай өте алады. Сондай-ақ, бұрынғысынша, азық-түлік, медициналық жүк артқан көліктер Нұрсұлтан қаласына кедергісіз өтеді", - дейді Ақмола облыстық ПД жергілікті полиция басқармасының бастығы Серік Баймұқанов.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Ақтөбеде 18 мамырдан бастап шағын кафелерге жұмыс істеуге рұқсат берілді. Қоғамдық тамақтану орындары енді кешкі сағат алтыға дейін жұмыс істей алады.

Бірақ бір мезетте тек 30 адамды тамақтандыруға рұқсат. Ал той-томалақ пен садақа беруге, туған күн мен басқа да қуаныштарына қонақ шақырып тойлатуға мүлде болмайды. Сондай-ақ, бұл өңірде балаларға арналған үйірмелер, коррекциялық кабинеттер мен репетиторлық орталықтар жұмысқа кірісті. Ал балабақшаларда кезекшілік топтарын ашуға санитар мамандардың батылы бармай отыр.

"Республикалық бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, індеттің таралу деңгейі 7 пайыздан төмендесе, жаңа кезеңге көшіп, бірқатар нысандарды ашуға болады. Бірақ бізде көрсеткіш күрт өсіп, штабқа да кешіктіруге ұсыныс айтқан едік. Сондықтан, тағы да жаңа нысандардың қашан ашылатынын уақытымен хабарлап отырамыз",- дейді Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

18 мамырдан бастап Ақтау қаласының тұрғындары көшеде кешкі 9-ға дейін емін-еркін жүре алатын болды. Қоғамдық көліктер қозғалысы жанданып, жазғы кафелер де ашылды. Осыған байланысты теңіз жағалауындағы тірлік қызып сала берді.  

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

"Балалар – жұмыста, келіндер – жұмыста. Бұлар үйде отыра алмайды. Балабақша істемеді. Үйде қатты қиналдық енді, міне, қыдырып жүрміз. Қандай тамаша! Теңіз жағасы ашылды, немерелерімізді қыдыртып жүрміз",- дейді Ақтау тұрғыны Қарлығаш Кенжаева.

Қарағандыда 18 мамырдан бастап қалааралық автобус жүре бастады. Шахтинск, Абай, Саран қалалары мен Шахан елді мекеніне бағыттар ашылды. Жезқазған мен Сәтбаев арасында да автобус жүреді.

Қарағандыда осыған дейін айтылғанымен, жазғы кафелер ашылмады. Бұған Қарағандыда кешелі бері бірден 18 адамнан коронавирус анықталғаны себеп екен. Сондықтан әзірге саябақтағы серуен мен көлеңкеде сусын ішу кейінге қалып отыр.

Сонымен қатар Бұқар жырау ауданы ортылығы Ботақара кенті карантиге жабылды. Өйкені 5 мыңнан сәл асатын тұрғыны бар ауылда 10 адамнан COVID-19 анықталған.

Дереккөз: КТК

Айта кетейік, 18 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда екінші деңгейлі банктер, ломбардтар және айырбастау нүктелері, елордада храмдар, балабақшалар мен жаздық кафелер жұмысын бастады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Блок-бекеттер алынуда": Карантин жұмсара бастаған өңірлердегі ахуал қалай
Mailfire view pixel