Выйти
RU

30 жылда алғаш рет: Франциялық келіншек бірден алты сәбиді дүниеге әкелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Соңғы 30 жылда Францияда алғаш рет бірден алты сәби дүниеге келді. Страсбургте туған нәрестелердің бесеуі қыз, біреуі ұл бала деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

Францияда соңғы 30 жылда алғаш рет алты сәби дүниеге келді

Көрнекі фото: pixabay.com

Сәбилердің анасы жүктілігінің 25-аптасында кесір тілігі арқылы босанған. Өмірге келген балалардың салмағы 630 граммнан 730 граммға дейін.

Нәрестелердің жарық дүниеге келуіне 30 маман жұмылдырылған. Қазіргі уақытта сәбилер неонатальдық жансақтау бөлімінде. Олар енді ауруханада бірнеше ай болуы тиіс.

Дүниеге бірден алты сәбидің келуі- сирек кездесетін құбылыс. Бұл әлемде орташа есеппен 4,7 млрд жүктілікте бір рет қана кездеседі. Осыған дейін Францияда мұндай жүктілік шамамен 30 жыл бұрын, 1989 жылы тіркелген.

Айта кетейік, 2020 жылдың 17 сәуірінде Алматыдағы №1 Қалалық клиникалық ауруханада коронавирус жұқтырған 30 жастағы келіншек салмағы 2,5 келі болатын дені сау қыз баланы дүниеге әкелді.

Жаңа туған сәбиді тексеру кезінде Covid-19 диагнозы расталмаған. Нәресте осы уақыт ішінде балалар бөлімшесінде дәрігерлердің қарауында болған.

Ал 15 мамыр күні анасы мен баласы ауруханадан шықты. Қазіргі уақытта олардың жай-күйі қанағаттанарлық деп бағалануда, енді олар үй карантинінде болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
30 жылда алғаш рет: Франциялық келіншек бірден алты сәбиді дүниеге әкелді
Mailfire view pixel