Выйти
RU

Еліміздің екі қаласында қоғамдық монша іске қосылады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан мен Петропавл қалаларында сауда-ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық моншалардың қызметін іске қосу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажеттілігіне тоқталды.

Оның айтуынша, қарантин режимін жеңілдету кейбір өңірлерде ауруды жұқтыру санын көбейтіп отыр.

Осыған байланысты, өңірлерде қызметіне қайта кіріскен объектілерде санитариялық талаптардың орындалуына қатаң бақылау ұйымдастыру тапсырылды.

Белгілі болғандай, Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында санитариялық талаптарды орындамағаны және бұзғаны үшін 15 құрылыс нысанының қызметі анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше тоқтатылған.

Сонымен қатар қолайлы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ведомствоаралық комиссияның шешімімен 2020 жылғы 20 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Петропавл қалаларында сауда-ойын-сауық орталықтарының (ойын-сауық алаңдары, фудкорттар, кинотеатрлар іске қосылмайды), қоғамдық моншалардың қызметін іске қосу туралы шешім қабылданды.

Одан бөлек, жиын барысында Ресей Федерациясынан 1 мыңдай Қазақстан азаматын, оның ішінде сол жақта оқитын студент жастарымызды елге қайтару мәселесі қаралған.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстан туралы қызықты деректер

Отырыс қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бірнеше нақты тапсырмалар берді.

Еске сала кетсек, бүгіннен бастам Жамбыл облысында бірқатар нысандардың жұмысы жанданатынын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еліміздің екі қаласында қоғамдық монша іске қосылады
Mailfire view pixel