Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда COVID-19 өршіді: 100 миллионнан аса адам карантинге жабылды

Опубликовано:

Қытай билігі елдің солтүстік-шығыс бөлігіне шектеу шараларын енгізді. Себебі, аталған аймақта коронавирус жұқтырудың 34 дерегі анықталған. Бұл ақпарат БАҚ беттерінде пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қытайда COVID-19 өршіді: 100 миллионнан аса адам карантинге жабылды
Көрнекі фото: aa.com.tr: Getty Images

COVID-19 жұқтырудың жаңа деректері Цзилинь провинциясында тіркелген.

Осыған байланысты, билік аталған аймақта автобус пен пойыздар қозғалысын тоқтатып, білім беру мекемелерін де жапқан.

Bloomberg порталының жазуынша, қазір жалпы алғанда 108 миллионнан аса адам карантинде.

Басылым ақпаратына сүйеснсек, жергілікті тұрғындар шектеу шараларынан кейін әбден үрейленіп қалған, себебі олар барлық қиын-қыстау сәт артта қалды деп есептеген.

Жаңа карантин шаралары биліктің коронавирус тарауының екінші толқынынан қорқып отырғанын білдіреді. Карантин аясында Цзилинь провинциясында азық- түлікке тек отбасының бір мүшесі ғана бара алады. Оған дүкенге бару үшін әр екі күн сайын тек екі сағат қана үйден шығуға рұқсат беріледі.

Өңірде жеткізу қызметтерінің көп бөлігін жауып тастаған, ал дәріханаларда туберкулезге қарсы дәрі-дәрмектер еркін саудаға жіберілмейді.

Бұл азаматтар дертті жасырып, өздігінше ем қабылдамас үшін жасалып отыр.

Айта кетейік, 18 мамыр күні елімізде тағы 311 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 6751-ге жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1856379-kytajda-covid-19-rsidi-100-millionnan-asa-adam-karantinge-zabyldy/

pixel