Выйти
RU

Асқар Мамин жаңа қаржы министрін таныстырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Үкімет басшысы Асқар Мамин қаржы министрлігінің ұжымына жаңа басшы Ерұлан Жамаубаевты таныстырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Мамин қаржы министрлігінің алдына еліміздегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бюджет шығындарын оңтайландыру, бюджеттің атқарылуы, кедендік және салықтық әкімшіліктің тиімділігін арттыру бойынша маңызы үлкен міндеттер қойылып отырғанын атап өтті. 

Үкімет басшысы Жамаубаевтың қаржы-банк саласындағы зор еңбек тәжірибесі жаңа министрге қойылған міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді деген сенім білдірді. 

Ерұлан Жамаубаев ұзақ жылдар бойы Ұлттық банк жүйесінде еңбек еткен, жетекші сарапшыдан бастап департамент директоры лауазымына дейін өскен.

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарушы директоры қызметін атқарған, президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімін басқарған, пезиденттің көмекшісі болып жұмыс істеген.

Осы тағайындауға дейін қаржы министрлігінде жауапты хатшы қызметін атқарған. 

Еске сала кетсек, 18 мамырда Әлихан Смайыловтың орнына қаржы министрі болып Ерұлан Жамаубаев тағайындалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Асқар Мамин жаңа қаржы министрін таныстырды