Выйти
RU

"Жасым тоқтар емес": Балғынбек Имаш Бейсен Құранбекке өлең жолдарын арнады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал айтыскер Балғынбек Имаш кеше өмірден өткен Бейсен Құранбекке арнап өлең жазып шығарды. Белгілі журналистің қазасын аса ауыр қабылдаған ақын, көз жасын тоқтата алмай жылаған болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/beisenkuranbek/balgunbek_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/beisenkuranbek/balgunbek_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Балғынбек Имаш елі сүйген журналистің мезгілсіз өмірден өтуі оның да қабырғасын қайыстырғанын айтты.

Ол Instagram парақшасында қайғылы хабардан кейін қандай күй кешкенін айтып, жұрт назарына Бейсен Құранбектің құрметіне арналған өлең жолдарын ұсынды.

"Көзден жасым тоқтар емес! Соңғы рет бұлай қашан жылағаным есімде жоқ. Еңкілдеп, еңіреп, есеңгіреп отырғаным жоқ. Еріксіз көзімнен қимастық пен сағыныштың жасы толассыз төгіліп жатыр. Бәлкім, бұрын-соңды бұлай жыламаған да шығармын.

Тоқтады таза, сұлу ғұмыр бүгін, Жоқтады бүкіл қазақ тұғырлы ұлын. Баянсыз тұрлауы жоқ тіршілікте, Бейсенсіз батады енді бүгінгі күн.

Бейсенсіз апта да өтер, ай да, жыл да, Өлшейік ой ауыр ма, қайғы ауыр ма? Әуелі жақсыларын жоғалтыпты, Қор болған қарасаң да қай қауымға.

Жүректен өшпеген соң Бейсен әлі, Қимайтын сезімдеміз бейсаналы. Көңілде Бейсені жоқ жандар ғана, "Иманы жолдас болсын" дей салады.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Әуелден "Иманы оның жолдасы" еді, Жүрегі - Мейірімнің ордасы еді. Имансыз, Мейірімсіз, Махаббатсыз, Біз білген Бейсен Бейсен болмас еді.

Жігітті хан мойындап, сыйлаған ел, Құдайы сүйген құл деп илана бер. Себебі, ол - ғұмыр бойы бар қазақтың, Қайғысын Жүрегіне жинаған ер!

Адамның көмірі көп, аз алтыны, Бір келер әр жандыға ажал түбі. Білгенге сынақ, қайғы, айықпас дерт - Алланың сүйген құлын тазартуы.

Қан жылап жүрегіміз, жай туламай, Келіп тұр ажал жайлы айтуға орай. Тазарған Күнәсынан шын Мүмінге, Рақымды Раббысына "Қайту да оңай"

Дауысың тыңдағанға ұнамды еді, Әр ісің, қарекетің құнарлы еді. Ұлы Айда Құран түскен Хаққа қайтқан, Бақұл бол, бар Қазақтың Құранбегі" , -деп жазды ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жасым тоқтар емес": Балғынбек Имаш Бейсен Құранбекке өлең жолдарын арнады