Выйти
RU

Бельгияда дәрігерлер ауруханаға келген премьер-министрді кері бұрылып қарсы алды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бельгияда премьер-министр Софи Уилместің Сан-Пьердегі аурухананы барып көруі қошемет емес үнсіз наразылықпен аяқталды. Ақ халаттылар емдеу орталығына келген үкімет басшысына құрмет көрсетудің орнына кері бұрылып қарсы алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Телеарна мәліметінше, ел премьер-министріне құрмет көрсетпеу арқылы ақ халаттылар биліктен өз еңбектерін тиісті деңгейде бағалауды сұраған.

Одан бөлек, медицина қызметкерлері денсаулық сақтау министрлігінің біліксіз мейірбикелерді жұмысқа алу туралы қаулысын жоюға шақырған.

Бельгиялық дәрігерлердің наразылығы өзге елдердегі әріптестерінің қолдауына ие болды.

Айта кетейік, Бельгия – коронавирус инфекциясынан көп зардап шегіп жатқан елдердің бірі. Корольдікте COVID-19 жұқтырғандар саны 55 мыңнан асқан.

Джонса Хопкинс университеті таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта дүние жүзінде коронавирус 4 801 282 адамнан анықталған. Оның 318 465-і инфекция салдарынан көз жұмса, екі миллионға жуық ауруды жеңіп, медициналық мекемеден шыққан.

Ал соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус 6751 адамнан анықталды. Олардың 3469-ы ауруынын айыққан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бельгияда дәрігерлер ауруханаға келген премьер-министрді кері бұрылып қарсы алды (фото)